Accessibility links

Ахмадинежад: ядролық қарусыздануды бақылайтын жаңа мекеме құру керек


Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинежад ядролық қарусыздануды бақылайтын жаңа халықаралық ұйым құруға шақырды. Саясаткер бұл пікірін Теһранда ашылған екі күндік ядролық қарусыздану конференциясында жария етті.

Ахмадинежадтың ойынша, ядролық қарусыздану мен қару таратуға тосқауыл қоятын әрі жоспар құратын тәуелсіз халықаралық топ құрылуы керек.

Ирандағы ядролық қарусыздану конференциясына 12 елдің өкілдері қатысып жатыр. Олардың қатарында Түркменстан, Армения және Ресейдің сыртқы істер министрлері бар.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG