Accessibility links

Пәкістанда бомба жарылысынан 7 адам қаза тапты


Бүгін Пәкістанда полиция бекетін нысанаға алған жанкештілік шабуылдан кемінде 7 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды.

Елдің солтүстік-батысындағы Кохат қалашығында болған жарылыс сенбі күні 40 шақты адамның өмірін қиған екі жанкештінің шабуылынан кейін болып отыр. Бұл шабуылдардың құрбандары пәкістандық күштердің талибандарға қарсы соққысынан қорғанып, өз үйлерін тастап шыққан босқындар болып отыр.

Үкіметтің әскери операциясына жауап ретінде талибандар мен әл-Қаида жақтастары осындай жанпидашылық шабуылдарды жиі жасап келеді.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG