Accessibility links

Қырғыз үкіметі Отунбаеваны президент міндетін атқарушы ретінде ұсынды


Қырғызстанның жаңа билігі уақытша үкіметтің басшысы Роза Отунбаеваны шілде айында өтетін референдумда президент міндетін атқарушы ретінде бекітуді ұсынды.

Бұл туралы уақытша үкімет жетекшісінің орынбасары Өмірбек Текебаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Қырғызстанда президенттік әрі парламенттік сайлаулар қазан айына белгіленді.

Сонымен қоса қырғыз билігі Бакиевтің туыстарына іздеу жариялады. Қырғызстанның бұрынғы президенті Бакиев пен оның жақтастарына қарсы қылмыстық істер қозғалды. Уақытша үкімет тергеу істерімен тәуелсіз халықаралық комиссия айналысатын болады деді.

Бұларада биліктен құлатылған президент Құрманбек Бакиевтің қайда екені белгісіз. Ол бейсенбі күні Қазақстанға ұшып шыққан болатын. Интерфакс-Қазақстан агенттігінің атын жарияламаған ресмилерге сілтеме жасап хабарлауынша, Бакиев Қазақстаннан шығып, ТМД елдерінің біріне кеткен. Бірақ нақты қай жерде екені айтылмайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG