Accessibility links

Еурокомиссия әуе қатынасындағы дағдарысты тергеуге нұсқау берді


Жексенбі күні Еуропалық комиссия басшысы Жозе Мануэль Баррозу Исландия вулканының күлді тозаңынан әуе кеңістігі жабылғанынан бері Еуропа Одағының экономикасына келген шығынды анықтауға тапсырма берді.

Бұл төртінші күнге ұласқан әуе кеңістігіндегі дағдарыстан әуежолдары 200 милион доллар шығын көріп отыр. Еуропалық әуе кеңістігін бақылау агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні әдеттегі 24 мың рейстің орнына тек 4 мың әуебағыты ашылады деп күтіліп отыр.

Ресмилердің дерегіне қарағанда, бейсенбіден бері Еуропаның әуе кеңістігіндегі 63 мың ұшақ рейсі кейінге қалдырылған. Сонымен қатар Ресей премьер-министрі Владимир Путин ұшақтардың ұшырылмауына қатысты шетелдік жолаушыларға виза беруге нұсқау берді.
XS
SM
MD
LG