Accessibility links

Еуропада жабылып қалған аэропорттардың жартысы бүгін ашылуы мүмкін


Еуропаның аэропорттар ассоциациясы (ACI Europe) және Еуропалық авиакомпаниялар ассоциациясы (AEA), Еуропадағы әуе қатынастардың шектелуін тоқтатуға шақырып отыр. Исландиядағы жанартаудың жануынан пайда болған күлді тозаңның кесірінен өткен аптада Еуропаның 20 елінің әуе кеңістігі жабылған еді.
Жоғары биіктікте сынақ ретінде өз ұшақтарын ұшырып көрген бірқатар авиакомпания өкілдерінің айтуынша, ешқандай қауіп жоқ.
Еурокомиссия мүшесі Сийм Калластың атап өтуінше, бүгін еропалық әуе кеңістігінің жартысы ашылуы тиіс. Калластың мәлімдеуінше, жағдайға қатысты бүгін Еуропалық Одақ елдірінің көлік министрлері кеңес өткізеді.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG