Accessibility links

Әндіжанда қауіпсіздік шарасы күшейтілді


Қырғызстандағы оқиғалардан кейін Өзбекстанның Әндіжан қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілді деп хабарлайды Азаттық радиосының өзбек қызметі. Қауіпсіздік қызметкерлері Жалалабад пен Ошта туыстары бар Әндіжан тұрғындарынан Қырғызстанға соңғы рет қашан барғандары туралы сұраған.

Әндіжан өзбек-қырғыз шекарасынан 20 шақырым жерде орналасқан. Әндіжандағы адам құқықтарын қорғаушы Саиджахон Зайнабиддиновтың айтуынша, қала көшелеріне көптеген полиция қызметкері орналастырылған. "Мені де полиция шақырып, соңғы күндері қайда болып, немен айналысқанымды сұрады", - дейді Зайнабиддинов.

2005 жылы Қырғызстанда орын алған "Қызғалдақ төңкерісінен" кейін Әндіжанда наразылық шарасына шыққан адамдарға Өзбекстанның қауіпсіздік күштері оқ атқан болатын. Куәгерлердің айтуынша, жүздеген қарапайым азамат өлтірілген. Ресми Ташкент болса 200-ге жуық адам қаза тапты, олардың көбі қауіпсіздік күштері еді дейді.
XS
SM
MD
LG