Accessibility links

Бішкек маңындағы тәртіпсіздіктерден үш адам қаза болды


Қырғызстан астанасына жақын Маевка ауылындағы дүйсенбі күнгі жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан үш адам қаза болып, 28 кісі жараланған.

Қырғызстанның ІІМ-нің «Интерфакске» хабарлауынша, қазіргі таңда ауылда тәртіп орнатылды. Мұның қарсаңында Маевкаға қосымша милиция күштері мен әскер енгізілген болатын.

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан ондаған кісі тұтқындалды. Азаттық радиосының хабарлауынша, дүйсенбі күні мыңға жуық кісі Маевкадағы жергілікті түрік-месхетшілері мен орыстардың жер учаскілерін күшпен басып алуға тырысқан. Меншік иелері оларға қарсылық көрсетті. Бірнеше үй өртенді.

AzattyqTV

Ақтаудағы аштық акциясы

Мұнайшылар депутаттарды шақырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG