Accessibility links

Бішкектегі тәртіпсіздікте қаза тапқандар саны өсе түсті


Қырғызстанның астанасы Бішкектің жанындағы Маевка ауылындағы тәртіпсіздіктерден 5 адам қаза болды, 30-дан аса адам түрлі жарақат алды. Ауруханаға түскен 10 адамның жағдайы аса ауыр. Бұл туралы «Азаттыққа» Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің штаб қызметкері Мирбек Шаршекеев хабарлады. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Дүйсенбі күні мыңға жуық кісі Маевкадағы жергілікті түрік-месхетшілері мен орыстардың жер учаскілерін күшпен басып алуға тырысқан. Меншік иелері оларға қарсылық көрсетіп, бірнеше үй өртенген еді.
XS
SM
MD
LG