Accessibility links

Ауғанстанға қатысты келесі конференция шілдеге белгіленді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон шілденің 20-да Ауғанстанда өтетін халықаралық конференцияға қатысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы өкілі Ричард Холбрук мәлімдеді. Оның айтуынша, Кабулдағы конференция мамырдың аяғына жоспарланған сыртқы істер министрлерінің жиынының орнына өтеді.

Оның алдында бірқатар ресми шаралар ұйымдастырылады, яғни Ауғанстан президенті Хамид Карзай 10-14 мамырда Вашингтонға барады және мамырдың 20-да ауған кеңесі өтеді дейді Холбрук.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG