Accessibility links

Ауғанстанда әкімнің орынбасары оққа ұшты


Ресмилердің айтуынша, Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласының әкімінің орынбасары оққа ұшқан. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні мешітке бара жатқан Азизулла Зеярмалды белгісіз адамдар атып кеткен.

Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті әзірше ешкім өз мойнына алмады. Министрліктің мәлімдеуінше, Зеярмалға қарсы шабуылды "Ауғанстанның жаулары" жүзеге асырған. Ауған ресмилері әдетте "Талибан" бүлікшілерін осылай деп атайды.
XS
SM
MD
LG