Accessibility links

Қырғызстанның уақытша үкіметі тәртіпті қалпына келтірмекші


Қырғызстанның уақытша үкіметі Бішкектің маңайындағы толқулардан кейін бүгін тәртіпті қалпына келтіруге тырысты. Қырғыз бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция қызметкерлері мен Маевка ауылы жанында жиналған жүздеген адамның арасында қақтығыстар орын алған. Дүйсенбі күні бұзақылар негізінен этникалық орыстар мен месхет түріктерінің үйлеріне шабуылдаған болатын.

Денсаулық сақтау ресмилерінің айтуынша, зорлық-зомбылық әрекеттерінен кемінде 3 адам қаза тауып, шамамен 28 кісі жарақат алған.
XS
SM
MD
LG