Accessibility links

Медведев Қырғызстанды сайлау өткізуге шақырды


Ресей президенті Дмитрий Медведев Қырғызстанның уақытша үкіметін сайлау өткізуге шақырды.

"Мемлекеттік биліктің барлық тармақтарын заңдастыру өте маңызды боп табылады. Яғни іс жүзіндегі биліктің орнын ауыстыру үшін сайлаулар өткізу керек. Тек сондай жағдайда ғана біз толық экономикалық ынтымақтастықты дамыта аламыз", - дейді Медведев.

Оның айтуынша, Қырғызстанда мемлекетті қалпына келтіру керек. Медведев "анархия" қырғыз халқы мен көршілес елдердің мүддесіне жатпайды деп атап көрсетті. Бұл туралы ол Мәскеуде Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен өткізген келіссөздерінен кейін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG