Accessibility links

Польшада президенттік сайлаудың уақыты жарияланады


Бүгін, Польшада президент міндетін уақытша атқарушы Бронислав Коморовский мемлекет басшысын сайлау мерзімін хабарлайды деп күтілуде. Сайлау маусым айында болады деп болжанып отыр.

«Гражданская платформа» партиясының атынан сайлауға түсетін Коморовскийдің жеңіске жетуі ықтимал, дейді сарапшылар.

Польшаның соңғы президенті Лех Качинский 10 сәуір күні Смоленск маңында ұшақ апатынан қаза болды. Президентпен бірге 95 адам, оның ішінде Польшаның жоғары лауазымды қызметкерлері мен танымал саясаткерлер және қоғам қайраткерлері қаза тапты.
XS
SM
MD
LG