Accessibility links

Алматы облысында соңғы бір тәулікте екі жер сілкінісі тіркелді


Сәуірдің 21-і күні түнгі сағат 3.10- де Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының мәліметтеріне сәйкес, зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 112 шақырым жерде (Іле Алатауының жотасы) орналасты. MSK-64 (12 балдық Медведева-Шпонхойер-Карник) бағаны бойынша күші 2 балдық жер асты дүмпулері Құрам кентінде сезілді. Құрбандар мен қираулар туралы хабарлар түскен жоқ», дейді баспасөз қызметі

Кеше, сәуірдің 20-сы күні 16 сағат 19 минутта осы өңірде тағы бір жер сілкінісін тіркеген еді. Зілзаланың орталығы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 117 шақырым жерде орналасқанымен (Қапшағайдың солтүстік беті), жер асты дүмпулері MSK-64 бағаны бойынша 2-3 балдық күшпен Алматы қаласының өзінде байқалды.

Құрбан болғандар мен қираулар болған жоқ.
XS
SM
MD
LG