Accessibility links

Құқыққорғаушылар Қырғызстанды тергеу жүргізуге шақырып отыр


«Хьюман Райтс Вотч» халықаралық құқыққорғау ұйымы Қырғызстанның уақытша үкіметін, үстіміздегі жылдың 6-8 сәуір күндері болған оқиғаны жеделдетіп тексеруге кірісуге шақырып отыр. Бұрынғы президент Құрманбек Бакиевті орнына алу барысында оппозицияның жаппай наразылық шарасы өтіп, нәтижесінде 80-нен аса адам қаза тапты. Құқыққорғаушы ұйым өздерінде, қанды оқиғаға екі жақ – Қырғызстанның қауіпсіздік күштері мен шара қатысушылары да айыпты деген ақпарат бар екендігін мәлімдеп отыр.

Қырғызстанның биліктен қуылған президенті Құрманбек Бакиев қазіргі таңда Беларусь елінде. Бұл туралы сейсенбі күні ел президенті Александра Лукашенко мәлімдеген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG