Accessibility links

Хуан Антонио Самаранч ауруханаға жатқызылды


Халықаралық олимпиадалық комитеттің бұрынғы басшысы Хуан Антонио Самаранч, жүрегі ауырып Барселонадағы ауруханалардың біріне жатқызылды, деп хабарлайды Associated Press.

Курион (Quiron) ауыруханасының терапия бөлімшесінің бас дәрігері Рафаэль Эстебанның (Rafael Esteban) айтуынша, 89 жасар Самаранчтың жағдайы «аса күрделі».

Халықаралық олимпиадалық комитетін 1981-2001 жылдар аралығында басқарған Хуан Антонио Самаранч, 2009 жылдың қазан айында да жүрегі қысылып Монако ауруханасына жатып шыққан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG