Accessibility links

Қырғызстанның бас мүфтиі жоғалып кетті


Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының жетекшісі Муратаалы ажи Жуманов жоғалып кетті, оны іздестіру жұмыстары ешқандай нәтиже бермеді, дейді мүфтидің бірінші орынбасары Суйун ажи Кулиев. Оның айтуынша, мүфтиді белгісіз біреулер ұрлап кеткен, әзірге оның себебі мен қандайда бір талаптар қойылмай отыр.

Ақпаратқа қарағанда бүгін Ғұламалар кеңесі болуы керек еді, онда елдің жаңа мүфтиі сайлануы тиіс болатын. Ішкі істер департаменті бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.

Мүфти Муратаалы ажи Жуманов, биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің жақын адамдарының бірі.
XS
SM
MD
LG