Accessibility links

Дағыстандағы жарылыстан 2 адам жараланды


Ресейдің Дағыстан республикасында орын алған екі жарылыстан екі адам жарақат алды. Жарылыстар республика астанасы Махачкалада сейсенбі күні кешке орын алған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жараланғандар 2004 жылы өлтірілген ФСБ қауіпсіздік қызметкерінің туыстары боп табылады.

Ресей билік орындары Солтүстік Кавказда, оның ішінде Дағыстан мен Ингушетияда және Шешенстанда исламшыл бүлікшілермен күресіп келеді.
XS
SM
MD
LG