Accessibility links

Украина Халықаралық валюта қорынан жаңа несие алмақшы


Украина Халықаралық валюта қорынан 12 миллиард доллар көлеміндегі несие алуды көздеп отыр. Премьер-министрдің орынбасары Сергей Тигипконың баспасөз хатшысы Ирина Рудконың мәлімдеуінше, Киев несиенің алғашқы бөлігіне маусым айында қол жеткіземіз деп үміттеніп отыр.

Бейсенбі күні Тигипко Вашингтонға барып, Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюта қорының ресмилерімен кездеседі. 2008 жылы экономикалық дағдарысқа ұшыраған Украинаға халықаралық қор 16.4 миллиард долларлық несие ұсынған болатын. Осы уақытқа дейін оның 10.6 миллиарды Украина үкіметіне берілді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG