Accessibility links

Отунбаева: Бакиев елге қайтарылуы тиіс


Қырғызстанның уақытша үкіметінің басшысы бұрынғы президент Құрманбек Бакиевке пана беру туралы Беларустің шешімін айыптады. Сәрсенбі күні журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Роза Отунбаева "бұл қылмыскер елімізге қайтарылуы тиіс" деп мәлімдеді.

Сейсенбі күні Беларусь президенті Александр Лукашенко Бакиев пен оның отбасы Минскіде деп хабарлаған болатын. Лукашенконың айтуынша, Бакиевтің отбасы мемлекет пен президенттің қорғауында болады.

Қырғызстандағы толқулардан кейін биліктен қуылған президент Бакиев алдымен Қазақстанға, одан кейін Минскіге ұшып кеткен болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG