Accessibility links

Еуропа әуе компаниялары шығындарын есептеді


Жанартаудың күлді тозаңына байланысты Еуропаның әуе кеңістігіндегі рейстердің тоқтатылуы әуе компанияларына кемінде 1.7 миллиард доллар шығын әкелген. Бұл туралы сәрсенбі күні Халықаралық авиакөлік қауымдастығының басшысы Жиованни Бизигнани мәлімдеді.

Қазір Еуропа әуежайларының басым бөлігі жұмыс істеп тұр. Сейсенбі күні кешке Британия әуе кеңістігін ашқан болатын. Бейсенбі күні Исландиядағы жанартаудың оянуы салдарынан Еуропаның әуе кеңістігі жабылып, миллиондаған адам баратын жерлеріне жете алмаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG