Accessibility links

Мексика шығанағындағы өрт әлі ауыздықталған жоқ


Мексика шығанағында американдық Луизиана штатынан 80 шақырым жерде орналасқан бұрғылау орнында жарылыс болып, өрт шықты. Қазіргі таңда құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Ақпарат бойынша 11 адам хабарсыз, ал 17 адам ауыр жарақат алған. Сәрсенбі күні түнде болған жарылыс кезінде платформада 126 адам болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды әлі ауыздықтай алмауда.

Жарылыстан платформа қисайып, мұнай мен отын ағып жатыр деген мәлімет бар. Апаттың себебі анықталуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG