Accessibility links

Саркози Францияда паранжа киюге тыйым салмақ


Франция Президенті Николя Саркози ел үкіметіне қоғамдық орындарда паранжа мен никаб киюге тыйым салатын заң жобасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Француз президентінің мәлімдеуінше, бетін тұмшалайтын кез-келген дәстүрлі киім қыз-келіншектерді қорлау болып табылады. Бетіне перде киіп алған әйелдер «темір тордың арғы жағындағыдай» деді ол парламент отырысында.

Үкіметке қысқа мерзімнің ішінде заң жобасын әзірлеп, мамыр айында оны парламенттің қарауына ұсыну міндеттелді.

2004 жылдан бері Францияда мектептерде паранжа мен никаб киюге, бұқаралық орындарда діни символикалар ұстауға тыйым салынған.
Сарапшылар, дәстүрлі мұсылман киімдеріне тыйым салу Франция Конституциясына қайшы екенін айтуда. Бұл бастама елде тұрып жатқан 5 миллион мұсылманның наразылығын туғызуы мүмкін.
Франциядан өзге осы күндері Бельгия Парламенті де паранжа кигенді қамауға алатын заң жобасын қарастырмақ.
XS
SM
MD
LG