Accessibility links

Еуропада әуе қатынасы қалпына келді


Бейсенбі күні Исландиядағы жанартаудың оянып күл мен шаң атқылауы салдарынан Еуропаның осыдан бір апта бұрын тоқтатылған әуе қатынасы толық қалпына келтірілді. Ол туралы Еуропаның әуе қатынасын бақылайтын Eurocontrol агенттігі хабарлады.

Әуе көлігі бойынша халықаралық ассоциацияның басшысы Джованни Бизиньяни әуе қатынасын тоқтату туралы шешімді «нақты фактылардың емес, теориялық модельдердің негізінде қабылданған шешім» деп өткір сынға алды. Бірқатар әуе компаниясы да 20-ға тарта елдің әуе кеңістігін жабудың «асығыстық» болғанын және ол шараның «өзін онша ақтамағанын» мәлімдеді.

Әуе тасымалына осы шарадан түскен шығыны, бастапқы есеп бойынша, 1 миллиард 700 миллион доллар болды.
XS
SM
MD
LG