Accessibility links

Саакашвили тағы да Ресейді айыптайды


Грузия президенті Михаил Саакашвили Ресейді бүкіл әлемдегі қауіпсіздікке қатер төндіретін Кавказдағы берекетсіздікті қоздырып отыр деп айыптады.

Associated Press агенттігіне берген сұхбатында Саакашвили ядролық оқтұмсықтар жасауға қажетті толық байытылған уранды сату үшін Грузияның және одан тәуелсіздіктерін жариялаған Абхазия мен Оңтүстік Осетияның территорияларын пайдаланғысы келген кейбір топтарға Кавказдағы қазіргі ахуал өте қолайлы болды деп мәлімдеді.

Саакашвили өткен наурыз айында грузин үкіметінің елге контрабандалық жолмен жақсы байытылған уранды алып кірмек болған оқиғаны әшкерелегенін растады.
XS
SM
MD
LG