Accessibility links

Иран президенті Африкаға аттанды


Африкаға сапары барысында Иран президенті Махмуд Ахмадинежад саяси және экономика мәселелері бойынша келіссөздер өткізеді.

Зимбабвеге бейсенбі күні басталған сапарында Ахмадинеджад осы елде өтіп жатқан халықаралық жәрмеңкеге барады.

Одан кейін Иран лидері қазір БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінеғ мүше болып отырған Угандаға аялдап, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дау-дамайды талқылауға тиіс.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері мен Германия Теһран ядролық қару жасап алуды көздейді деп күдіктеніп, оған қарсы жаңа санкциялар қабылдауға тырысып отыр. Иран ондай күдікті негізсіз деп мәлімдеумен келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG