Accessibility links

Прокуратура М.Әбіләзовті теріске шығарады


Соңғы күндері бірқатар ақпарат агенттігі Еуропаның адамның құқы бойынша Страсбургтегі соты Қазақстанның Бас прокуратурасының Мұхтар Әбіләзов пен оның үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты тағы 6 адамды ұстап беру туралы сұрауын қанағаттандырмағаны туралы хабар таратты.

Қазақстанның Бас прокуратурасы бұл хабар шындыққа жатпайды деп ресми түрде теріске шығарды. Прокуратураның мәлімдеуінше, Страсбург соты М.Әбіләзовті ұстап беру туралы ешбір істі қараған жоқ, яғни ондай мәселе бойынша шешім қабылдауы мүмкін емес.

Демек, Страсбург сотының М.Әбіләзов пен оның сыбайластарын ұстап беру туралы сұрауды қанағаттандырмады деген кез-келген мәлімдеме анық жалған, арандатуды және қоғамды адастыруды көздейтін хабар деп мәлімдейді Қазақстан прокуратурасы.
XS
SM
MD
LG