Accessibility links

Қазақстанда Бакиев отбасының кеңесшісі ұсталды


Бейсенбі күні Қырғызстанның уақытша үкіметі төрағасының орынбасары Өмірбек Текебаев биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиев отбасының кеңесшісі болған белгілі қаржыгер, АҚШ азаматы Евгений Гуревичтің Қазақстанда тұтқындалғанын растады. Уақытша үкіметтің мүшесі Әзімбек Бекназаровтың мәлімдеуінше, оны тұтқындауға санкция беріліп те қойды.

Қырғызстан Бас прокуратурасы баспасөз-қызметінің мәліметі бойынша, Гуревич Қырғызстандағы заңсыз қаржы операцияларына қатысты және Ресейдің Қырғызстанға берген несиесінің 226 миллион доллар бөлігін алды деп айыпталды. Бір дерек бойынша, ол ақшаны Гуревич «Қырғызстанның даму қорының» бұрынғы басшысы әрі биліктен қуылған президенттің ұлы Максим Бакиевтен алғанға ұқсайды.

Оған қоса Рим прокуратурасы да Гервичке мафиямен ауызжаласты және Италияның қаржы нарығында шамамен 2,7 миллиард долларды «тазартып алды», контрабандалық құнды металдарды саудалады деп айыптап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG