Accessibility links

Киев орыс газын арзанға алатын болды


Ресей өз газының Украинаға импортын ішінара Қара теңіз флотының Севастопольдегі жалдық ақшасының есебінен 30 пайызға арзандатуға келісті.

Ресей мен Украина президенттері Дмитрий Медведев пен Виктор Янукович Харьков қаласындағы келіссөзінен кейін осындай келісімге келді.

Медведев Украина Ресей газының 1 мың текше метріне 330 долларға емес, 230 доллар төлеп алатынын хабарлады. Шарт бойынша, 1 мың т.м. газдың бағасы 100 доллардан жоғары арзандамауға тиіс.

Украина президенті В.Янукович бұл келісімді «теңдессіз» деп бағалады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG