Accessibility links

Неміс әскерлері Ауғанстанда әзірше қала береді


Германия канцлер Ангела Меркель неміс әскерлері «қажеті болғанша» Ауғанстанда қала беретінін мәлімдеді.

Бейсенбіде неміс парламентінде сөйлеген сөзінде Меркель ханым неміс күштерінің бұл елден кетуі Ауғанстандағы және бүкіл Орта Азиядағы ахуалды айтарлықтай нашарлатуы мүмкін екенін атап көрсетті.

Сонымен бірге, - деп мәлімдеді Германия канцлері, - 2011 жылы 4.5 мыңдық неміс әскері Ауғанстанның бірқатар ауданындағы қауіпсіздікті қадағалауды ауған үкіметіне тапсыра бастайды.

Сауалнамаға қарағанда, Германия халқының 60 пайыздан астамы әскердің елге оралғанын қалайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG