Accessibility links

Ереван Анкарамен арадағы хаттаманы әзірше мақұлдамады


Арменияда биліктегі коалицияға кіретін партиялар Түркиямен арада дипломатиялық қатынас орнату туралы хаттаманы мақұлдауға қарсы шықты.

Коалицияның бейсенбі күні жарияланған бірлескен мәлімдемесінде ресми Анкара Ереванмен арадағы қарым-қатынасын жақсартуды көздейтін процестерді жалғастыра беруге әзір болмайынша, хаттаманы мақұлдау мәселесін қарамауды ұсынды.

Мұндай шешімге түрік премьер-министрі Реджеп Эрдоганның таяудағы бір мәлімдемесі түрткі болды. Онда Эрдоган, армян жағының пікірінше, хаттаманы Таулы Қарабақ жанжалының үйлестірілуіне қарай мақұлдауды ұсынған көрінеді.

Дипломатиялық қатынасты қалпына келтіру туралы хаттамаға өткен жылдың қазан айында қол қойылды. Екі елдің қарым-қатынасы Таулы Қарабақ жанжалы мен Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі армян қырғынын Анкара мен Ереванның түрліше бағалауы салдарынан ушығып тұр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG