Accessibility links

Қырғызстан уақытша үкіметінің сайты ашылды


Қырғызстан уақытша үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, уақытша үкіметтің жеке сайты ашылды. www.kyrgyz-el.kg сайтында қырғыз және орыс тіліндегі соңғы жаңалықтар жарияланатын болады. Одан өзге Қырғызстанның уақытша үкіметі жайлы барлық ақпарат: оның құрамы, суреттері және байланыс телефондары ілінген.

Жаңа ашылған сайт арқылы кез келген азамат уақытша үкімет өкілдеріне хат жаза алады, дейді баспасөз қызметі.
XS
SM
MD
LG