Accessibility links

Мамырда қазақстандықтар 2 рет 3 күннен демалады


Мамырдың 1-і мен 9-ында қазақстандықтар үш күннен демалады. Бұл туралы Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қазақстанда екі күн де мемлекеттік мереке, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, ал 9 мамыр - Жеңіс күні болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, Қазақстанда демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.

Яғни, биыл қазақстандықтар мамырдың 1-,2-,3- және 8-,9-,10-ы күндері демалатын болады.
XS
SM
MD
LG