Accessibility links

НАТО министрлері Ауғанстан мәселесін талқылайды


НАТО сыртқы істер министрдері бүгін қауіпсіздікке байланысты жауапкершілікті ауған күштеріне тапсыру жоспарын талқылайды. НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің мәлімдеуінше, ауған қауіпсіздік күштерін жаттықтыру үшін қосымша 450 нұсқаушы жіберу керек.

Эстония астанасы Таллиндегі екікүндік жиында бейсенбі күні альянстың ядролық саясаты талқыланды. Сонымен қатар НАТО сыртқы істер министрлері Боснияға НАТО-ға мүше болуға дайындық жоспарын тапсырды.
XS
SM
MD
LG