Accessibility links

Иранда ұсталған АҚШ азаматтарының денсаулығы нашар делінеді


Иранда түрмеге жабылған үш американдықтың екеуінің денсаулығы нашар деп хабарланды. Швейцария дипломаттары бейсенбі күні Евин түрмесіне барып, американдық азаматтармен кездескен болатын.

Ирақ-Иран шекарасына барған Сара Шорд пен Шэн Бауер және Джош Фаттал шілденің 31-де қамауға алынған еді. Иран билігі оларға тыңшылықпен айналысты деген айыптар тақты. АҚШ азаматтары бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG