Accessibility links

ХВҚ Грекияға несие беруге дайын екенін білдірді


Халықаралық Валюта қоры мен Дүниежүзілік Банк Грекияны қарыз дағдарысынан құтқару үшін бұл елге ашқа бөлу мәселесін талқылап, қаржылай қолдау танытуға өздерінің дайын екенін айта келе, бірақ Грекия қатаң шараларды қолға алуы керек деді.

Грекияның қаржы министрі ХВҚ-ның басқарушы директоры Доминик Стросс-Канн және Еуропалық комиссияның экономикалық істер жөніндегі жетекшісі Олли Ренмен қарызға батқан өз еліне несие алу мәселесін талқылаған.

Грекия еуро валютасын пайдаланатын еуропалық елдерден 40 миллиард еуро, оған қоса Халықаралық валюта қорынан 13,4 миллиард еуро алуға үміт артып отыр.

Олли Рен несие ақша мамыр айының басында дайын болады дей келе, Грекияның дағдарысы Еуропа одағы мен ғаламдық тұрғыдағы қаржы дағдарысына айтарлықтай салдарын тигізді деді.
XS
SM
MD
LG