Accessibility links

Қазақстан Данияға бара жатқан қару-жарақты тәркілеп алған


Қазақстанның Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, сенбі күні Дания ел аумағы арқылы заңсыз қару тасығаны үшін Қазақстанға айыппұл төлеген.

Қазақстандық ресмилердің хабарына қарағанда, Ауғанстанның Қандағар қаласынан Данияға бет алған ұшақ наурыздың 13-і күні Шымкентке жанармай құю үшін тоқтағанда, ұшақтан қару-жарақ табылған.

Ресейдің әуекомпаниясына тиесілі Ил-76 ұшағы Данияға бара жатқандықтан, Қазақстанның экономикалық соты заңсыз қару тасымалы үшін айыппұлды Данияға салған. Жағдаймен танысып шыққан даниялық үкімет айыппұлды төлей отырып, Қазақстан жағынан кешірім сұраған.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG