Accessibility links

Феликс Кулов Ресейге келіссөздер өткізуге барған


Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Феликс Кулов жексенбі күні Мәскеуде Ресейдің президенттік әкімшілігінің басшысы Сергей Нарышкинмен келіссөздер өткізді.

Тараптар ел президентін биліктен кетірген екі апта бұрынғы көтерілістен кейінгі Қырғызстандағы қазіргі жағдайды талқылады.

Феликс Кулов Қырғызстанның "Ар-намыс" партиясының жетекшісі. 2005 жылдың қыркүйегінен 2006 жылдың желтоқсан айына дейін елдің премьер-министрі болған. Куловтың өзі немесе партиясы осы айда Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевті биліктен кетірген оқиғаларға қатыспады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG