Accessibility links

Қырғызстан Конституциясының жаңа жобасы таныстырылады


Бүгін ақпарат құралдарында Қырғызстан Конституциясының жаңа жобасы жарияланады. Жобаны уақытша үкіметтің мүшесі Өмірбек Текебаев жетекшілік еткен жұмыс тобы дайындаған.

Текебаевтың айтуынша, жобада ел басқаруды парламенттік билікке өткізу көзделген, парламентте 105-120 депутатқа дейін болады деп көзделіп отыр. Жобаны талқылау 19 мамырға дейін жалғасып, тиісті өзгертулерден кейін Конституцияның соңғы нұсқасы жарияланады.

Референдум маусымның 27-сі күні, ал парламенттік сайлау – 10 қазан күні өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG