Accessibility links

Беларусь Ресейді қарызын өтемеді деп айыптап отыр


Беларусь президенті Александр Лукашенко, осы ел территориясында орналасқан Ресей әскери базасы үшін қарызын төлемей отыр деп айыптады. Ол, Ресей мен Украина өзара газ тасымалдауға қатысты келісімге келгендігін атап өтті. Келісім бойынша, Киев ресейлік газды 30 пайыздық жеңілдікпен алып, оның орнына Украина Қара теңіз флотына қатысты келісімшартты ұзартты.
Лукашенконың атап өтуінше, Беларусьте Ресейдің екі әскери базасы бар. Ол екеуі үшін де Мәскеу еш төлем жасамай келеді.

Одан өзге Беларусь президенті, күн тәртібіне Қырғызстандағы саяси өзгеріске қатысты талқылау енгізілмегенінше, Мәскеуде 8 мамыр күні өтетін ұжымдық қауіпсіздік Келісімшарты ұйымының саммитіне қатыспайтындығын мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG