Accessibility links

Үндістан мен Ауғанстан жетекшілері келіссөз өткізбек


Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх пен Ауғанстан президенті Хамид Карзай бүгін Делиде кездесіп, екі ел қарым-қатынастарын талқылайды.

Осыдан екі ай бұрын Кабулдағы жанкештілік жарылыстан Үндістанның 9 азаматы қаза тапқан болатын. Үндістанның ресми өкілдері ол шабуылдарға байланысты Пәкістандағы "Лашкар-е-Таиба" тобын айыптаған еді.

2001 жылы Талибан билігі құлатылғалы бері Үндістан Ауғанстанға көмек ретінде бір миллиард доллардан астам қаржы бөлді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG