Accessibility links

Сорлы тақырыптар хит-парады


Қазақстандық газеттер
Қазақстандық газеттер

Адамға “Ох, ... тағы да ма?” – дегізетін, құлақтың құртын тауысқан клондар сияқты бір-бірінен аумай қалған шаблон мақалалар мен “басталды!” дегізетін мойыны созылып кеткен форум тақырыптарын осында жазуға тырысайық. Оларды көбіне атауына қарап-ақ анықтауға болады.



1. “Оян, Қазақ!” Бұл тіркестің түпнұсқасын жазған автордың алдында мейілінше бас ие тұра, қазіргі кезде тақырып атауын осылай бастағандарға “рухани мүгедек” деген үкімді ойланбай шығарғым келеді де тұрады. Біріншіден, аз да болса елден еректік жоқ, үйкеле-үйкеле бұл тіркестің тоз-тозы шыққанын білмей ме екен? Ия, келісем, ұлттық идея – қанша малтасы езілсе де, қоғамдық мәні бар тақырып. Бірақ соның маңдайшасын басқа пішінге орауға болмас па екен? Мысалы, “Қазақтың ұйқысы қашан қанады?” деген сияқты.

2. "Қазақ қызы қандай болуы керек?" Әлдебір қырттардың идеалдарын бұтына қыстырмай, өз ойымен жүретін тәуелсіз әйелдер бәрібір болады. Сосын бұндай талапшылдықтан, жасандылық көбейеді. Көбісі идеалдың сыртқы көрсеткіштеріне талпынады. Сыртқы киімнің жабықтығы, көзбояу сыпайылықты “дұрыстықтың” жалғыз көрсеткіші етіп қабылдайды. Ал “дұрыстық” әркімде әртүрлі. Талғамға талас жоқ. Сондықтан әлгі ел мақтаған идеалға жетсем, 100 пайыз бәріне ұнаймын деген ой әрі кетсе ғылыми фантастика ғана. Жүз пайыз бәріне ұнауға тек бір жағдайда ғана болады, егер сен аты шулы “мінсіз әйел” болсаң. Бірақ мінсіз әйел ұлтқа қатысы жоқ бөлек әңгіменің тақырыбы.

3. “Қазаққа пәленше/түгенше керек пе?” Кейбір қызық адамдар, бір мақаламен қазаққа не керек екенін шешіп тастайтындай мәнермен жазады. Ол әсте мүмкін емес. Қазаққа адамға тән нәрсенің барлығы қажет. Және көбірек болса. Қажет емес болса, ол туралы әңгіме де тумас еді.

4. “Тіліміз құрып барады. Қайтсек екен?” Дамбалыңды шешіп алып жүгір. Ноу каментс. Немесе осылай аузыңды қу шөппен сүртіп, етегіңе жылап отыра бер. Түк те істеме. Тек зарлай бер. Құдіретті қазақ тілі сен сияқты мұңайған даңғаза б..тың демеуіне зар емес.

5. “Қазақ қайтсе 20 миллион болады?” О, тормоз! Сен осыны жазып, талқылап отырғанда бір қазақ екі қазақ болып үлгерді. Екі қазақ үш қазақ болып үлгерді. Қай жақта? Оңтүстік Қазақстан облысында. Көбеюді сол жақтың ауылдарынан үйрен. Олар еш демагогиясыз көбейеді.

Негізі біразы ойымда бар, естеріңде қалса, қоса отырыңдар.

http://kozqaras.wordpress.com

XS
SM
MD
LG