Accessibility links

Алматыда Еуразиялық Медиа Форум басталды


Бүгін, сәуірдің 27 күні Алматыда тоғызыншы Еуразиялық Медиа Форум өз жұмысын бастады. Форумның ашылуында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді деп күтілуде.

Екі күнге созылатын халықаралық жиында әлем және аймақтық деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер талықаланбақ. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы, Иранның саяси мәдениетінің ерекшелігі мен оның Таяу Шығыстағы маңыздылығы, медиа заңдардың жағдайы мен БАҚ-тардағы сөз бостандығы, әлеуметтік желілердің дамуы мен журналистикадағы этика, саяси имидж сынды бірқатар мәселелер сөз болады.

Форумға мемлекеттік қайраткерлер мен әлемдік медиа қоғамдастықтың жетекшілері қатысады.
XS
SM
MD
LG