Accessibility links

Обама ислам мәселелеріне қатысты конференция өткізеді


Вашингтонда, АҚШ президенті Барак Обаманың бастамасымен ислам мәселелеріне қатысты екі күндік конференция өтеді. «Американың мұсылман әлемімен қарым-қатынасы: Каирден кейінгі бір жыл» атты халықаралық жиын сәуірдің 28 күні басталады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Конференция барысында негізінен АҚШ пен мұсылман әлемі арасындағы қарым-қатынастың жақсаруы сөз болады. Съезд қатысушыларының назарына мұсылман әлемі алдындағы Американың имиджі, АҚШ президентінің Каирдегі сөйлеген сөзінен кейінгі Нигерияның дамуы, мұсылман әлеміндегі халықтық демократия сынды баяндамалар ұсынылады.

Бұл бас қосуда 50-ден аса мемлекеттерден келген 250-ден аса өкіл қатысады деп хабарлануда.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG