Accessibility links

Сәуірдің аяғында Қызылағаштағы алғашқы 45 үй тапсырылады


Су тасқынынан зардап шекккен Алматы облысындағы Қызылағаш ауылының алғашқы 45 үйін сәуірдің 30-ы күні тапсыру жоспарланған, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«26 сәуірге дейін Қызылағашта 313 үйдің қабырғасы көтерілген, олардың 86-сы каркаспен жабылып, 47 үйдің ішкі жұмыстары жүргізіліп жатыр»,- делінген хабарламада. Жоспар бойынша, Қызылағашты толығымен қалпына келтіру жұмыстары үстіміздегі жылдың 15 маусымында аяқталады.

Наурыздың 11-інен 12-іне қараған түні Қызылағаш ауылына жақын жерде орналасқан су бөгенінің бұзылуы салдарынан елдімекенді су шайып кетіп, 45 адам қаза болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG