Accessibility links

Демонстранттар Бангкокте темір жолды бөгеп тастады


Таиланд билігі Бангкоктегі темір жол көліктерінің қозғалысын тоқтауға мәжбүр болып отыр. Оған, елдегі наразылық білдіруші оппозиция өкілдерінің темір жол жолдарын арбалармен бөгеп тастауы себеп болып отыр.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше наразы топпен құқыққорғау қызметкерлері келіссөз жүргізуде.

Таиландта жаппай наразылық шарасы наурыздың 14 күні басталған еді. Бас көтерішулердің көбі, 2006 жылы болған әскери төңкеріліс кезінде қызметінен алынып бүгінде шет елде тұрып жатқан Таиландтың бұрынғы премьер-министр Таксин Чинаватты қолдаушылар.

Оппозицияның мәлімдеуінше, қазіргі премьер Абхисит Ветчачива билікке заңсыз келген, сондықтан жаңа сайлау өтуі тиіс.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG