Accessibility links

Құқыққорғаушылар Пентагонды Ирактағы журналистердің қазасын тексеруге шақырды


Журналистерді қорғау комитеті АҚШ қорғаныс министрлігін Ирақтағы журналистердің қазасын тексеруге шақырып отыр. Комитет директоры Джоэль Саймонның АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтске жазған хатында, соңғы уақытта американдық жасақ Ирақта 16 журналист пен 3 көмекшісінің өліміне қатысы бар екендігін мәлімдеген.

Бұдан бұрын, журналистерді қорғау комитеті, журналистердің қазасын тергеуде шарасыздық танытатын мемлекеттер тізімі көрсетілген - «жазасыздық индексін» жариялаған еді. Тізімнің алғашқы үштігін Ирақ, Сьерра-Леоне және Сомали елдері құрайды.
XS
SM
MD
LG