Accessibility links

Қырғызстанның бұрынғы министріне айып тағылды


Бишкектің Бірінші май аудандық соты, Қырғызстанның бұрынғы ішкі істер министрі Молдомуса Конгантиевке «қызметтін асыра пайдаланған» деген айып тақты. Сот, бүгінде қамауда отырған Конгантиевті тұтқындауға рұқсат берді, дейді уақытша үкіметтің вице-премьері Азимбек Бекназаров.

Оның сөзінше, бұрынғы министр Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында жатыр.
Мәскеуде ұсталған Молдомуса Конгантиев дүйсенбі күні Бішкекке жеткізілген болатын.
XS
SM
MD
LG