Accessibility links

Панаманың бұрынғы диктаторы Францияға жіберілді


АҚШ бас хатшысы Хиллари Клинтон, дүйсенбі күні Панаманың бұрынғы диктаторы Мануэль Норьегиді Францияға жіберу туралы қаулыға қол қойды.

АҚШ-та есірткі саудасы үшін 17 жылға сотталған Норьегидің алдағы қыркүйек айында жаза өтеу мерзімі аяқталады.

Францияның соты қаржы жымқырғаны үшін Норьегиді сырттай 10 жылға соттаған еді. Францияның әділет министрлігі Норьегидің келгеннен кейін жаңа сот процессі басталатындығын мәлімдеп отыр.

Одан өзге Норьегиді Панамада да «күтіп» отыр. Бұл елде Норьеги өзі билік еткен 1983-1989 жылдар аралығында өзінің саяси қарсыластарын өлтірді деп айыпталуда.
XS
SM
MD
LG