Accessibility links

Мемлекеттік айыптаушы Абылай Сабдалинге 12 жыл сұрап отыр


Төтенше жағдайлар министрінің бұрынғы орынбасары Абылай Сабдалинге қатысты қаралып жатқан қылмыстық істегі мемлекеттік айыптаушы Азамат Ахметжанов соттан Сабдалинді 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

«Абылай Сабдалинді Қазақстанның қылмыстық кодексінің 307 бабы 3 тармағы (қызметін асыра пайдаланған) және 312 бабы 5 тармағы (пара беру) бойынша айыпты деп тауып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуді сұраймын», - деді прокурор.

Төтенше жағдайлар министрінің бұрынғы орынбасары Абылай Сабдалинді былтыр қазан айының басында Қаржы полициясы аса ірі көлемде пара ұсынды деген айыппен ұстап, қамауға алған болатын.
XS
SM
MD
LG